Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәлім еткендей, биыл 30 мемлекеттен таңдаулы 33 спортшы қатысқан жарыста отандасымыз Айбота Ертайқызы 2 медаль жеңіп алды.
Ұлттық құрама өкілі доппен өнер көрсетуде күміс жүлдегер атанса (32.700 балл), шығыршық жаттығуында қолаға (32.550 ұпай) ие болды. Сондай-ақ Айбота ұршық және лентамен өнер көрсетуде финалға шығып, 4-сатыға тұрақтады.
Айта кетейік, «Мисс Валентайн» турнирі 1995 жылдан бері тұрақты өтеді. 2020 жылдан бастап бұл жарыс көркем гимнастикадан халықаралық Гран-при сериясына қосылған.