Көркем гимнастика: Чехиядағы Гран-при турниріне елімізден кімдер қатысады

Фото: ҰОК

АСТАНА. KAZINFORM – Брно қаласында (Чехия) көркем гимнастикадан Гран-при сериясының кезеңі өтеді.

Халықаралық турнирде Қазақстан атынан Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді. 

Айта кетейік, жарыс 12-14 қыркүйек аралығында ұйымдастырылады. 

Айбота Ертайқызы жақында Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында өткен әлем чемпионатына қатысқан болатын. Алайда ол финалға жолдама ала алмады.