Көркем гимнастика: Даяна Әбдірбекова көпсайыстан ел кубогын иеленді

Фото: None
ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат  - Шымкент қаласында көркем гимнастикадан Қазақстан кубогы мен ел чемпионаты өз мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитетінің хабарлауынша қатысушылар көпсайыстан кубокты сарапқа салса, жекелеген жаттығу түрлерінен чемпиондық атаққа таласты.

Турнирге еліміздің 13 өңірінен спортшылар қатысқан.

Көпсайыс қорытындысы бойынша шымкенттік Даяна Әбдірбекова жеңімпаз атанды. Күміс жүлдені Шымкенттің тағы бір өкілі Тоғжан Молдаханова иеленсе, үшінші орын астаналық Айдана Шайкеноваға бұйырды.

Еске сала кетейік, Даяна Әбдірбекова командалық жаттығудан Азия ойындарының чемпионы атанды. Сондай-ақ, Чехияда өткен Гран-при кезеңінде ұршық жаттығуы бойынша төрттікке енген болатын.

Соңғы жаңалықтар