Өкінішке қарай, ел намысын қорғап жатқан отандасымыз Елжана Таниева аталған сында төрт жаттығудың қорытындысы бойынша финалға өте алмай қалды.
Елжана Таниева төрт жаттығудың нәтижесі бойынша 126.600 ұпай жинап, жалпы есепте қазір 11-орынға сырғыды.
Осылайша, биыл Азия чемпионы атанған Елжана Таниева Париж олимпиадасының финалына шыққан 10 гимнастың қатарына кіре алмады.
Олимпиада жүлдесіне тек, финалға шыққан 10 гимнаст ғана таласады.
Таниеваның көрсеткіші:
Лента - 31.450 балл
Ұршық - 32.300 балл
Доп - 32.000 балл
Шығыршық - 30.850 балл
Финалға шыққан спортшылар Олимпиада медальдарын ертең, яғни 9 тамызда сарапқа салады.