АСТАНА. KAZINFORM — Халықаралық гимнастика федерациясы Германияның Франкфурт-на-Майн қаласында өтетін көркем гимнастикадан әлем чемпионатына қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады.
Жекелей сында Қазақстан құрамасының сапында Ақмарал Ерекешева мен Айбота Ертайқызы өнер көрсетеді.
Топтық жаттығуларда Айзере Кеңес, Жасмин Жүнісбаева, Кристина Чепульская, Мадина Мырзабай, Айзере Нұрмағамбетова және Аида Хәкімжанова ел намысын қорғайды.
Әлем чемпионаты 12–16 тамыз аралығында өтеді.
Еске салайық, бұған дейін қазақстандық «классиктер» Венгриядағы турнирді үш медальмен аяқтағанын хабарлаған едік.
Мейірман Лес
Еуразия ұлттық және Қазақ ұлттық университеттерін бітірген. Республикалық "Ұлан" газетінде, Baribar.kz, Holanews.kz, Zakon.kz, Tengrinews.kz, Massaget.kz, Ulysmedia.kz порталдарында журналист, продюсер, шығарушы/шеф/бас редактор қызметтерін атқарған. 2025-2026 жылдары Kazinform агенттігінің Алматыдағы меншікті тілшісі болып еңбек етті, қазір қазақ редакциясының шығарушы редакторы.