Көркем гимнастикадан Қазақстан құрамасы көпсайыстан тұңғыш рет алтын медаль алды

Фото: Фото: ҚР СТМ Спорт комитеті

АСТАНА. KAZINFORM - Сингапурдегі Азия Чемпионатында №1 Балалар мен жасөспірімдердің мамандандырылған олимпиадалық резерв спорт мектебінің №1 командасы Азия Чемпионатының көпсайыс бағдарламасында алтын медальға ие болды.

Бұл туралы ҚР ТСМ Спорт және дене шынықтыру істері комитетінен мәлім болды.

Бұл - еліміздің көркем гимнастика тарихындағы маңызды жетістік.

Команданың жеке бапкері - Балғынбаева Меруерт Төлегенқызы

Хореографы - Оспанбаев Шыңыс Әсетұлы

Команда құрамы:

Жасмин Жүнісбаева

Кристина Чепульская

Аида Хакимжанова

Айзере Кеңес

Айзере Нұрмағамбетова

Мадина Мырзабай

-Тарихи жеңіс құтты болсын! Біз сіздермен мақтанамыз!, - делінген министрлік таратқан хабарламада.

Осыған дейін Айбота Ертайқызының Сингапурдағы Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алғанын туралы жаздық.