АСТАНА. KAZINFORM - Аичи-Нагоядағы жазғы Азия ойындарында көркем гимнастикадан іріктеу кезеңі өтті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Гимнасшылар іріктеу кезеңінде доп, ұршық, таспа, шығыршық жаттығуларында өнер көрсетті.
Ақмарал Ерекешева - 111.350 ұпай
Тахмина Икромова - 106.950 ұпай
Айбота Ертайқызы - 106.550 ұпай
Финал 3 қазан күні Астана уақыты бойынша 9:00-де басталады.
Осыған дейін Ерлан Тасмағамбетов батуттағы гимнастикадан қола медаль еншілеген болатын.
Айдар Оспаналиев
2000 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың журналистика факультетін бітірген. Журналистика саласында 2000-шы жылдан бері қызмет етіп келеді.