«Бүгін жаңа салынып жатқан «Көркем» ТК-де 18 адам зардап шегіп, 11-і ауруханаға жатқызылды, жетеуі тексеруден өткеннен кейін амбулаториялық ем алуға жіберілді», - делінген хабарламада.
Еске сала кетейік, бүгін таңертең «Көркем» тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында металл конструкциясы опырылып құлаған болатын . Нәтижесінде 18 адам зардап шекті.