АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін Франция астанасы Парижде өтіп жатқан көркем жүзуден жылдың алғашқы Әлем кубогында Қазақстан құрамасы тағы бір жүлдеге қол жеткізді.
Нақтырақ айтсақ, Артур Майданов пен Валерия Столбунова жұбы еркін бағдарламада күміс медаль жеңіп алды.
Бұл Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін Виктор Друзин мен Эдуард Ким жекелей сында тұғыр сатысына көтерілді. Париждегі жарыста ел намысын барлығы 24 спортшы қорғады.
Естеріңізге сала кетсек, осыған дейін қазақстандық спортшы Виктор Друзин әртістік жүзуден Францияның Париж қаласында өтіп жатқан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алғанын жазған болатынбыз.
Күнсұлтан Отарбай
Еуразия Ұлттық университетінің түлегі. Республикалық «Қазақ спорты», «Sport» газеттерінде қызмет атқарған.
2014 жылғы Сочи, 2016 жылғы Рио-Де Жанейро, 2017 жылғы Инчхон және 2024 жылғы Париж Олимпиадасында, сонымен қатар бір қанша Қысқы және Жазғы Азия ойындарынан, әлем біріншіліктеріне барып тікелей хабар таратқан журналист.
Сейдақмет Бердіқұлов атындағы арнайы сыйлықтың лауреаты.