Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінен мәлім еткендей, өрт 7 желтоқсан күні түстен кейін Төлеби көшесінде орналасқан ЖОО-ның бес қабатты жатақханасының қазандығынан шыққан.
Тілсіз жау ҚР ТЖМ Қызылорда облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 56 адамы мен 8 техникасы, ҚР ТЖМ «ЮРАОСО» Мемлекеттік мекемесінің 4 адамы мен 1 техникасының күшімен 18 минутта ауыздықталды.
Жалынның шарпыған жалпы аумағы 15 шаршы метрді құрады.