Бүкіл түркі әлемінің абызы атанған Қорқыт ата мемориалдық кешені аз ғана уақыт ішінде қайта жаңғыртылып, бүгінде құрылыс жұмыстары аяқталды. Осы берекелі іске бел шеше араласып, істің басы-қасында болған азаматтарға облыс әкімі Қырымбек Көшербаев алғыс білдірді.
- Аталмыш бірегей кешеннің адамдардың қастер тұтар қасиетті орны, көненің көзін кие тұтар туристердің ат басын тірер жәдігер жері болары сөзсіз, - деген аймақ басшысы Қорқыт Ата мемориалдық кешені құрылысын жүргізу барысында ерекше еңбек еткен үздіктерді Қызылорда облысының Құрмет Грамотасымен және облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.