Көрмелер мен конференциялар өткізуге арналған шығыстарға талдау жүргізілуде - Үкімет

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бюджет қаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезінде ең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Смайылов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағыжылы 15 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы қойғанміндеттерді іске асыру үшін нақты шаралар жоспары әзірленді. Жыл соңына дейінМемлекеттік басқаруды дамыту тұжырымдамасының жобасы әзірленетін болады. Ондамемлекеттік аппаратты онтайландыру, кадрлық жоспарлау және мемлекеттікқызметтерді автоматтандыру мәселелері көрініс табады. Бюджеттік жоспарлау менмемлекеттік қаржыны пайдалану тиімділігін арттырудың жүйелі мәселелерін шешуүшін Парламент пен Есеп комитетінің ұсынымдары бойынша тиісті Жол картасыбекітілді. Жол картасының орындалу барысы туралы алдын ала есеп күздеұсынылатын болады», - деді Ә. Смайылов.

Оның сөзінеқарағанда, ағымдағы жылы стратегиялық жоспарлардың рөлін арттыру бөлігінденормативтік негіз дайындау жоспарланып отыр. Оларды қарау кезінде, бюджеттікбағдарламалардың әкімшілері саланы және тұтастай елдің одан әрі дамуына әсерететін нысаналы индикаторларға қол жеткізу тұрғысынан қаражат бөлу қажеттілігіндәлелдейтін болады. ҰЭМ жанынан мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландырудыңнегізділігін қарау жөніндегі Үйлестіру кеңесі құрылатын болады.

«Жаңамемлекеттік бағдарламаларды бекіту кезінде бөлінетін лимиттер аясындамемлекеттік қолдаудың тиімді шараларына ғана қолдау ұсынылады. Бюджетқаражатының тиімділігін арттыру мақсатында бюджеттік өтінімдерді қарау кезіндеең алдымен әлеуметтік-экономикалық әсері ескеріледі. Сондай-ақ, көрмелер,конференциялар және дөңгелек үстелдер өткізуге арналған шығыстарға талдаужүргізілуде. Өткізілген мемлекеттік сатып алу мониторингінің нәтижелері бойыншаимидждік іс-шараларға сатып алудың ең көп сомасы жергілікті бюджеттерге тиесіліболды. Жақын арада жол картасын әзірлеу аяқталады және республикалық жәнежергілікті бюджеттер құрамында осы шығыстарды оңтайландыру бойынша қажеттііс-қимылдар алгоритмі анықталатын болады», - деді Үкімет басшысының біріншіорынбасары.

Соңғы жаңалықтар