Көрнекті ақын Ф. Оңғарсыновамен қоштасу рәсімі 27 қаңтар күні өтеді

АСТАНА. 24 қаңтар. ҚазАқпарат - 27 қаңтарында сағат 10.00-де Астана қаласындағы «Көрме» орталығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, халық жазушысы, қоғам қайраткері, көрнекті ақын Фариза Оңғарсыновамен қоштасу рәсімі өткізіледі.

Бұл туралы «Бәйтерек» медиа орталығының баспасөз қызметінен хабарлады.