Көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлидің «Өз елім» атты шығармашылық кеші өтеді

АЛМАТЫ. Желтоқсанның 7-сі. ҚазАқпарат /Нәзира Елеухан/ - Алматыда Республика сарайында желтоқсан айының 11-і күні қазақтың көрнекті ақыны Қадыр Мырза Әлидің «Өз елім» атты шығармашылық кеші өтеді,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазақстан мәдениеті» қоғамдық қорына сілтеме жасап.

         Шығармашылық кеш Алматы қаласы әкімдігі мен «Қазақстан мәдениеті» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырылады. Кешке эстрада жұлдыздары мен танымал әншілер Бибігүл Төлегенова, Нұрғали Нүсіпжанов, Ескендір және Біржан Хасанғалиевтер, Донеділ Қажымов, Келденбай Өлмесеков, Қыдырәлі мен Қарақат, Тоқтар Серіков, «МузАрт» тобы және тағы да басқа өнер шеберлері қатысады.