Көрнекті мемлекет қайраткері Орал Мұхамеджанов дүниеден озды
10:08, 16 Қазан 2013
АСТАНА. 16 қазан. ҚазАқпарат - Белгілі мемлекет қайраткері Орал Байқонысұлы Мұхамеджанов дүниеден озды.
«Кеше ауыр науқастан соң белгілі мемлекеттік саяси қайраткер, Қазақстан Парламенті Мәжілісінің 3-4-шақырылымдарының төрағасы, Мемлекет басшысының сенімді серіктерінің бірі Орал Мұхамеджанов дүниеден озды. Осыған орай Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин өзінің Қытай Халық Республикасына ресми сапарын тоқтатты. Біз Орал Байқонысұлының туған-туыстарына қайғысына ортақтасып көңіл айтамыз. Өз елін өле сүйген мемлекет қайраткері, тамаша адам, адал досымыз әрі әріптесеміз біздің жүрегімізде мәңгі сақталады», - деді бүгін Мәжілістің жалпы отырысында вице-спикер Сергей Дьяченко.
Осыған орай Мәжілістің бүгінгі жалпы отырысы 1 минут үнсіздікпен басталды.