Айта кетейік, ол былтырғы жылы да осы спорттық шараға қатысқан болатын.
Бастапқыда корольдің тығыз жұмыстарына орай осы сайысқа қатыса алмайтындығы хабарланған болатын, алайда марафон басталардың алдында ол өзінің зайыбымен және балаларымен келіп үлгерген екен.
Биыл брюссельдік 20 шақырымдық жүгіріске 35 жыл толып отыр. Король аталған қашықтықты 1 сағат 58 минут ішінде жүгіріп өткен.