Корольдің суретіне тіл тигізген әйел бір жылға сотталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Тайланд соты 65 жастағы ақыл-есі кем әйелді монархия мен корольдің суретіне тіл тигізді деп айыптап, бір жылға бас бостандығынан айырды.

Оқиға 2012 жылдың шілде айында Бангкок қаласында болған. Алғашында әйел денсаулығына байланысты шартты мерзімге сотталған болатын, алайда аппеляциялық шағымнан кейін шартты мерзімді нақты мерзімге ауыстырды.

«Сотталушының бұл қылығы дұрыс емес. Оның бұл әрекетін басқалары қайталамауы тиіс»,- деді судья сот процесі барысында.

Айта кетейік, Тайландта монархияға тіл тигізу заңмен жазаланады, деп жазады шетелдік БАҚ.