Екі жүк көлігі мен бір жеңіл автомобильдің соқтығысуы оқиғасы 28 тамызда кешқұрым болған. Жүк көліктердің бірінде қыздар болған. Олар жыл сайын король резиденциясында өтетін ұлттық фестивальға қатысуға бара жатқан. Қыздар отырған жүк көлігі жеңіл автомобильге соғылған. Артынша жүргізушісі тоқтатып үлгермеген жүк көлігі бұларды қақты.
"Умхланга" немесе "Танец тростника" ұлттық фестивалі сегіз күнге созылады. Оның ерекшелігі, король Мсвати III әйелдерінің бірі болуды қалайтын қыздар билейді. Оған жыл сайын он мыңдаған қыз қатысады.