«Коронавирус пайда болғанда, инфекцияның қалай таралатынын, қаншалықты жұқпалы екенін, қалай емдеу керектігін ешкім білген жоқ. Бұл тәжірибенің барлығы жинақталды. 18 млн халыққа шамамен 1 млн тест жасалды. Тест жүргізілетін топтарды үнемі кеңейтіп отырдық. Бұл, симптомсыз науқастарды анықтауға көмектесті. Тіпті симптомсыз науқастар саны көбейіп, 80% жетті. Әлемнің көптеген елдері мұндай тестілеуді әлі жүргізген жоқ», - деді Бас санитарлық дәрігер Facebook-те өткен онлайн-брифингте.
Сонымен бірге, спикер симптомды науқастар 11-күннен кейін айналаға қауіпсіз болатынын жеткізді.
«Симптомсыз науқастарды анықтау арқылы инфекцияның қоғамға қалай таралатынын бағаладық. Жинақталған тәжірибелер науқастар ауру белгілері байқалғанша – алғашқы екі күн, байқалған соң 7 күн аралығында айналасына қауіп тудыратынын көрсетті. Яғни, 11-күннен кейін айналаға қауіп азаяды. Бұл жерде тест оң нәтиже көрсетуі де мүмкін», - деді А. Есмағамбетова.
Бұған дейін А. Есмағамбетова жұмыс берушілерге ПТР-тестілеудің нәтижесі туралы анықтаманы талап ету міндеттелмегенін айтқан еді.