Коронавирус: 288 науқастың жағдайы ауыр - ДСМ

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазіргі уақытта ел бойынша 22 710 адам коронавирус инфекциясынан емделуде, оның 288-інің жағдайы ауыр, деп хабарлайды ҚР ДСМ баспасөз қызметі.

4 қаңтардағы мәлімет бойынша, 22 710 адам короновирус инфекциясынан (10 533 КВИ+ және 12 177 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 132 пациент стационарда, 17 578 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 288 адамның жағдайы ауыр;
• 49 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 41 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.