Коронавирус: 3 өңір «қызыл» аймақта
09:32, 16 Наурыз 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 наурызда Қазақстан өңірлерінде эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймаққа Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары мен Батыс Қазақстан облысы кірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ал «сары» аймаққа Ақмола, Қарағанды, Алматы, Атырау облыстары кірген. Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта. Қазақстан Республикасы матрицаға сәйкес «сары» аймақта орналасқан.