Коронавирус АҚШ, Үндістан және Бразилия елдерінде өршіп тұр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия басталғаннан бері әлемде коронавирусты жұқтырудың 564 126 546 дерегі тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның мәліметінше, коронавирустық инфекциядан қайтыс болғандардың жалпы саны 6 371 354 адамды құраған.

Жұқтыру бойынша көшбасшы елдердің үштігіне мыналар кіреді: АҚШ - 88 747 875, Үндістан - 43 803 619 және Б разилия - 33 397 814 жағдай.


Фото: AP Photo/John Minchillo