Коронавирус: Алматы облысы «жасыл» аймаққа шықты

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Денсаулық сақтау министрлігі 26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, Қазақстанның 6 облысы мен 2 қаласы «қызыл» аймақта тұр.

Олар: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды бар.

Бүгінгі матрица Алматы облысының «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өткенін көрсетіп тұр.

Ал Қазақстан «қызыл» аймақта.

Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.