АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- 31 қаңтардағы жағдай бойынша Алматыда коронавирус инфекциясының 1556 жаңа жағдайы тіркелді, оның 1461 - симптомдары бар және 95 - симптомсыз. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүкіл емделіп шыққандар – 567, келіп түскені – 144.
«Инфекциялық стационарларда (3 310 төсек-орын) жалпы саны 1 662 адам (оның ішінде 168 балалар) емделіп жатыр. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде – 99 адам емделіп жатыр» делінген хабарламада.
Сондай-ақ, өкпені желдету аппаратына – 22, инвазивті емес аппаратқа – 26 адам қосылған. High flow-да 21 аппарат жұмыс істеп тұр.
11 470 науқас алғашқы медициналық санитариялық көмек пен телемедицина орталығы дәрігерлерінің бақылауында.
Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда - 10 747, симптомсыз 723 науқас бар.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.