Алматы» телеарнасындағы Аkimat LIVE тікелей эфирі барысында жүргізушілер әкімнен қаладағы зертханалардың жағдайы туралы сұрады. Пандемия шарықтаған шақта, барлық қалалық қызметтердің ауқымды жұмысына қарамастан, ПТР тестке арналған зертханалар жеткіліксіз болғанын еске түсірді.
«Иә, жазда зертханаларда біраз проблемалар туындады. Зертханаларда жұмыс істейтін мамандар ауырып қалды. Яғни, басқалары дайын болуы керек еді. Сонымен қатар, зертханалардың саны шектеулі болды. Тестер бітіп қалды. Сондықтан, зерханалардың жұмысы бір аптаға тоқтап қалды. Десекте, республика бойынша біздің қалада зертхана көп болды. Қазір дайынбыз. Күніне 10 500 тест жасай аламыз. Қажет болса, 21000-ға дейін жеткізуге мүмкіндік бар. Бүгінгі таңда зертханалармен ешқандай проблема жоқ. Мегополисте 17 зертхана жұмыс істеп тұр»,– деді әкім.