61 адам жазылып шықса, 39 адам ауруханаға жаңадан түсті. 1 330 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 464 адам жатыр, оның ішінде 23 бала бар. Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 46 адам жатыр. 19 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. Инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратында 7 адам ем қабылдауды жалғастыруда. High flow-да 13 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 1 422 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 1 300 науқас, симптомсыз 122 науқас бар.