АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда бір тәулікте 9 адам коронавирус жұқтырды. Оның барлығында ауру симптомы бар. Бұл туралы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Өткен тәулікте 11 адам коронавирустан жазылып шықты, 4 адам ауруханаға жаңадан түсті. 180 төсек-орындық инфекциялық стационарларда 34 адам жатыр, оның ішінде 3 бала бар.
Жалпы реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде 4 адам емделуде.
1 науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған. High flow-да 1 аппарат жұмыс істейді.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек мобильді бригадаларының және Телемедицина орталығының амбулаториялық бақылауында 57 науқас бар. Оның ішінде жеңіл және орташа ауыр жағдайда – 47 науқас, симптомсыз - 10 науқас.
Думан Арғынгелді
2008 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. «Қазақстан» ұлттық арнасының Алматы қалалық филиалында, «Аягөз жаңалықтары», «Алматы ақшамы» газеттерінде қызмет атқарды. Мақалалары республикалық, облыстық, аудандық газет беттерінде жарияланды. 2021 жылдан бері «KAZINFORM» ХАА-де жұмыс істейді.