Облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, WhatsApp мессенджері арқылы Арқалықта коронавирус жұқтырған бір адамның тіркелгені туралы ақпарат тараған. Аудио-хабарламада вирус жұқтырған әйелдің қала базарында жұмыс істейтіні, саудагер таяуда ғана Бішкекке тауарға барып келгені айтылған. Сонымен қатар әйел қала базарының, асхананың жабылып жатқаны туралы ақпаратпен бөліскен. Полиция бұл хабарламада айтылған деректерді теріске шығарды.
Департамен қызметкерлері желіге жалған ақпарат жіберген әйелді іздестіріп жатыр.