Кеше, яғни 10 қаңтарда «қызыл» аймақта Ақмола мен Павлодар облыстары болған еді.
Бүгінгі бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта Ақмола, Атырау облыстары орналасқан. Павлодар облысы «сары» аймаққа ауысты.
«Сары» аймақта сондай-ақ, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары, Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары бар.
Қалған өңірлердің барлығы - «жасыл» аймақта.
Жалпы Қазақстан аумағы коронавирус бойынша «сары» аймаққа енгізілген.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, өткен бір тәулікте ел өңірлерінде коронавирустың жаңадан 746 жағдайы тіркелді. Сондай-ақ 411 адам індеттен сауықты. Коронавирустық пневмония 27 адамнан анықталды.
Пандемия басталғалы Қазақстанда коронавирусты барлығы 163 019 адам жұқтырды, жазылды - 149 082, қайтыс болды - 2 319 науқас.