Коронавирус: Атырау облысы «сары» аймақта 1 күн ғана болды
10:01, 26 Ақпан 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оған сәйкес, «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр.
Қалған өңірлер - «жасыл» аймақта.
Еске салайық, 25 ақпанда Атырау облысы «жасыл» аймақтан «сарыға» өткен болатын.