Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, өткен тәулікте «қызыл» аймақтағы Атырау облысында 437 адам коронавирус инфекциясын
жұқтырды. Қауіпті вирусқа шалдыққан науқастардың күрт көбеюі резервтік төсек-орындар жасақтауға мәжбүр етіп отыр.
«Атырау облысындағы эпидемиологиялық ахуал күрделеніп барады. Қазір 646 адам үй жағдайында, 453 науқас инфекциялық стационарларда хаттамаға сәйкес ем-дом қабылдап жатыр. Коронавирус инфекциясын жұқтырушылар санының көбеюіне байланысты
медицина мекемелерінің базасында 1 780 адамға арналған резервтік төсек-орын дайындалды. Мұндай резервтік төсек-орын Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында да
жасақталды», -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.