Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жансақтау бөліміндегі науқастардың 5-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
«Атырау облысындағы инфекциялық стационарларда 524 науқас емделіп жатыр. Стационарлардағы 2098 төсек-орынның жүктемесі 24 пайызды құрайды. Ал жансақтау бөліміндегі 81 төсек-орынның 33,3 пайызы науқастармен толды» -деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметінен.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырау облысында шектеу шаралары күшейтілген болатын.