Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, инфекциялық стационарлардағы жансақтау бөлімінде 43 науқас жатыр.
«Өңірдегі инфекцияық стационарларда 642 адам ем қабылдауда. Жүктеме –26,4%. Ал, жансақтау бөлімінде 43 пациент жатыр. Оның 4-еуі өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Жансақтау бөліміндегі жүктеме 39,8% құрайды» -деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметі.
Еске сала кетелік, бұған дейін Атырауда 38 науқас жансақтау бөлімінде жатқанын
хабарлаған болатынбыз.