БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, соның ішінде 2933 адам стационардан үйлеріне жіберілсе, 3242 адам амбулаторлық ем алды.
Өкінішке қарай, 97 адам көз жұмды.
Пневмонияға шалдыққан 82 адамның 16-сы жұқпалы аурулар ауруханасында, 16-сы провизорлық стационарда, 50-і амбулаторлық ем алуда. Пневмониядан 206 адам қайтты.
Күні бүгін жасанды тыныс алу аппаратына қосылған науқас жоқ. Ал оттегі концентраторымен 4 емделуші тыныс алуда.
Қазіргі таңда жұқпалы аурулар ауруханасында 52, провизорлық стационарда 18 адам емделуде. Ауыр халдегі 3 сырқат жансақтау бөлімінде.
Вирусқа қарсы, сондай-ақ қызу түсіретін дәрі-дәрмек екі айға жетеді деп есептелуде. Күні бүгін медицина мекемелерінде дәрі-дәрмек тапшылығы жоқ. Сол секілді жеке қорғаныс құралдары да жеткілікті.
Стационарларға жұмысқа 111 медицина қызметкері тартылса, соның 19-ы – дәрігерлер.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі комиссиясының шешімімен Батыс Қазақстан облысына 118 дәрігер жолдама алды. Қазіргі кезде өңірге 67 жас маман келіп, жұмысқа кірісті. Оған қоса С.Асфендияров атындағы ұлттық медицина университетінен 3 эндикринолог пен 1 инфекционист келмекші.
Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжін бітірген 307 маманның 104-і қалалық және аудандық медицина мекемелеріне орналасты.
Соңғы кезде облыста коронавируспен ауырғандар саны (3 қыркүйек күні 2 адам тіркелді) азайғанымен, тұрғындарға сақтық шараларын ұмытуға болмайды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жаңадан жұқпалы аурулар ауруханасы бой көтеретінін жазған болатынбыз.