Алдымен, Бейжің қаласының әкімшілігі эпидемиологиялық жағдайға байланысты ресми демалыс күндерін үш күнге – 3 ақпанға дейін ұзартты, кейінірек кәсіпорындар үшін жаңажылдық демалысты 10 ақпанға дейін ұзартуды ұйғарды. Қытай астанасында коронавирустың жаңа түрінің таралуына байланысты төтенше жағдайдың ең жоғары «бірінші» деңгейі жарияланды.
Қытайлар үшін бұл жаңа жыл – отбасылық мереке болып саналады, әдетте олар жақын адамдарымен бірге қонақтарға, жаңажылдық жәрмеңкелерге, сауда орталықтарына және туристік орындарға барады.
Алайда, биылғы көктем мерекесі (Чуньцзе) Бейжің тұрғындары мен қонақтары үшін айрықша болды. Коронавирустық індет таралуының алдын алу үшін Бейжіңнің негізгі көрнекі орындары, музейлері мен монастырлары жабылды. Ойын-сауық орындары мен мейрамханалардың көпшілігі жұмыс істемейді. Барлық бұқаралық мәдени-сауық шаралары, атап айтқанда, жаңажылдық жәрмеңкелер, кино премьералары және спорттық жарыстар тоқтатылды.
Теміржол вокзалдарында, әуежайлар мен метрода жолаушыларды санитарлық бақылау шаралары күшейтілді.
Бүгінде Бейжің - даңғылдары, саябақтары, туристік көшелері мен метросы бос қалған мегаполис.
Цяньмэньдегі жаяу жүргіншілер көшесі – Бейжіңнің әйгілі туристік мақтаныштарының бірі.
Гомао іскерлік ауданы және Гомао метростанциясына кіру.
Ванфуцзин – Бейжіңдегі танымал сауда көшелерінің бірі.
Тыйым салынған «Гугун» қаласының солтүстік қақпасы. ЮНЕСКО-ның Адамзаттың мәдени мұрасы тізіміне енген музей кешеніне жыл сайын 7 миллионға жуық турист келеді.
Шетелдіктер арасында танымал аудан - Саньлитунь. Көптеген барлар мен дүкендер топтастырылған орын.
«Сидань» сауда ауданы – шоппинг жасаушылардың сүйікті орны.
Медициналық бетперделер ең қажетті затқа айналды. Бейжің дәріханаларының көпшілігінде «Берперделер сатылымда жоқ» хабарламасы ілінген.
Бейжіңде азық-түлік тапшылығы жоқ, супермаркеттер мен шағын азық-түлік дүкендері жұмыс істейді. Ел астанасы билігінің шешімімен, қаланы сумен, электрмен, газбен, коммуникациямен, көлікпен және тағаммен қамтамасыз ететін ұйымдар қалыпты режімде жұмыс істеуі керек. Алайда көптеген Бейжің тұрғындары болашақта пайдалану үшін азық-түлікті молынан сатып алады.
Бейжің метросының өткелдері мен станцияларының бірі.
Бейжіңнің жерасты жолы. Жартылай бос метро вагоны.
Бейжің көшелерінің бірінде жергілікті тұрғын қытай гимнастикасымен айналысуда.
Соңғы деерктерге сәйкес, Бейжіңде 212 науқастың вирус жұқтырғаны расталды, олардың біреуі көз жұмды. Он екі адам ауруханадан шығарылды.
Қазір Бейжің қалыпты жұмыс күндерінің басталуына және Жаңа жыл мерекелерінен кейінгі тұрғындардың әдеттегі режимге оралуына дайындалып жатыр. Күн сайын барлық қоғамдық орындар – лифттер, баспалдақтар және алаңдар дезинфекцияланады. Кеңсе ғимараттарында және тұрғын үй аулаларының кіреберістерінде температура өлшенеді. Тағы бір жаңалық – Бейжің метросында міндетті түрде қорғаныс маскаларын кию. Маска киуден бас тартқандар метроға кіргізілмейді.