Коронавирус: БҚО-да инфекциялық стационарлар 53,8% толған
БҚО Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткеніндей, қазіргі кезде ауруханалар 53,8 пайызға толған.
Соның ішінде Орал қаласында 578 төсектік 8 стационарда 379 адам (65,5 пайыз) ем алуда.
Жансақтау бөлімшесіндегі 22 науқастың 20-сы – ауыр, екеуі аса ауыр халде. Бұлардың екеуі инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына, төртеуі инвазивті емес құрылғыға, 16-сы оттегі концентраторына қосылған.
Жыл басынан бері 8 518 адамнан коронавирус анықталса, соның 855-і – оқушылар.
Биыл 15 адам індеттен көз жұмды.
Басқармадан түскен мәліметке қарағанда, 267 995 адам (егілуге жататын тұрғындардың 64,6 пайызы) вакцинаның бірінші, 251 083-і (60,5 пайызы) екінші компонентімен егілді.
Сондай-ақ облыс бойынша 48 076 адам ревакцинациядан өтті. 9 193 адам Pfizer вакцинасын қабылдаса, соның 326-сы – жүкті, 4 110-ы – бала емізетін әйелдер, 4 757-сі – жасөспірімдер.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысында 3400-ден астам адам амбулаториялық деңгейде ем алып жатқанын жазған болатынбыз.