ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 591 төсек-орны бар 7 жұқпалы аурулар стационары жұмыс істеп тұр. Қазір оларда коронавирус жұқтырған 322 адам ем қабылдауда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, қазіргі таңда инфекциялық ауруханалар 54,5 пайызға толған.
Сондай-ақ 185 төсектік 4 карантиндік стационарда 17 адам, жансақтау бөлімінде 25 науқас емделуде.
Күні бүгін инвазивті емес жасанды тыныс алу аппаратына 3, оттегі концентраторына 9, орталықтандырылған оттегі көзіне 93 адам қосылған.
Облыста соңғы тәулікте 38, бір аптада 474 адамнан коронавирус табылды.
Биыл індет жұқтырған балалар саны 206-ға жетті. Ал оқу жылы басталған қыркүйек айынан бері өңірде барлығы 411 баланың ауырғаны анықталды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстанда соңғы төрт күнде 250-ден астам адамның коронавирус жұқтырғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).