Осыған байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонару денсаулық сақтау министрі Луис Энрике Мандеттаны қызметінен босатты. Министр Мандетта отставкаға кеткені туралы ақпаратты Twitter-дегі өз аккаунтында растады.
Бразилияның жаңа денсаулық сақтау министрі болып онколог дәрігер Нелсон Луис Шперле Таиш тағайындалды.
Ресми мәліметтерге сәйкес, елде коронавирус жұқтырғандар саны 28 320 адамға жеткен. Індетке шалдығу оқиғаларының саны сейсенбі күнмен (12 сәуір) салыстырғанда 12 пайызға өсті.
Вирустан ең көп қайтыс болғандар саны Сан-Паулу қаласында тіркелген (778). Бұл, Рио-де-Жанейроға (265) қарағанда үш есе көп болып отыр. Одан кейін тізімде Пернамбуку (143), Сеара (116) және Амазонас (106) штаттары тұр. Елде өлім деңгейі 6,1 пайыз деңгейінде (1 736 оқиға) сақталып отыр.