«Алдымызда күрделі қыс тұр, бірақ үмітімізді үзбеуіміз керек, себебі барлығымыз – үкіметтер, денсаулық сақтау органдары, әрқайсымыз эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру үшін батыл шаралар қабылдай аламыз», - деп жазды Twitter-де ДДСҰ Еуропаалық бюросының директоры Ханс Клюге.
Коронавирустың жылдам таралуына үш фактор әсер етуде. Біріншіден, Еуропада өте жұқпалы дельта-нұсқасы басым болуда. Екіншіден, бірқатар елдерде шектеулер жеңілдетілген. Ал үшіншіден, көптеген еуропалықтар әлі де вакцина салдыртпаған.
ДДСҰ тұрғындарға екпені белсендірек салуды кеңес етеді. Сондай-ақ, вирустың алдын алу шаралары: маска тағу, қол жуу, бөлмелерді желдетіп отыру, қашықтықты сақтауды ұмытпау туралы кеңес етілуде.