Коронавирус: Елімізде вакцина алғандар саны 1 миллионнан асты
11:13, 28 Сәуір 2021
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2021 жылғы 28 сәуірдегі мәлімет бойынша Қазақстанда 1 016 809 адам вакцина салдырды. ҚазАқпарат бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Коронавирусқа қарсы вакцинаның толық 2 компонентін салдырғандар бойынша алдыңғы үштікте тұрған өңірлер:
- Алматы қаласы – 44 250 адам;
- Түркістан облысы – 19 354 адам;
- Нұр-Сұлтан қаласы – 18 168 адам;