Темір жол көлігі саласы
Індет таралғанға дейін Қазақстан аумағында 156 жұп пойыз қатынаған болса, бүгінде соның 39 жұбы уақытша тоқтатылып тұр. Қазіргі уақытта республика умағында эпидемиологиялық шараларды қатаң сақтай отырып, 117 жұп, оның ішінде «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның - 31, «Қала маңындағы тасымалдау» АҚ-ның - 64, жеке тасымалдаушылардың - 22 пойызы қатынайды. Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында теміржол вокзалдарында санитарлық-эпидемиологиялық бақылау күшейтілген. Ал ведомствоаралық комиссияның шешімімен ВАК шешімімен Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қостанай және Павлодар облыстары бойынша жолаушылар пойыздарының жүруіне уақытша шектеулер қабылданған.
Нақтырақ айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында 2 қарашадан бастап) Нұр-Сұлтан-Өскемен бағытындағы №67/68 жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі аптасына 3-тен 1 ретке дейін, Алматы–-Өскемен бағытындағы №351/352 пойызы аптасына 7-ден 3 ретке дейін қысқартылды. Шығыс Қазақстан облысының станциясынан пойызға отырғызу теріс нәтижесі бар COVID-19 ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болған кезде жүзеге асырылады. Алматы–Павлодар бағытындағы №31/32 жолаушылар пойызының қозғалысы Шығыс Қазақстан облысының барлық станциялары арқылы транзитпен жолаушыларды отырғызусыз/түсірмей жүргізіледі. Отырғызу кезінде кемінде 3 тәулік бұрын COVID-19-ға ПТР тестілеуден өткені туралы анықтама болмаған жағдайда, сондай-ақ жүру жиілігі өзгерген, пойыздарға отырғызу/түсіру тоқтатылған жағдайда жол жүру құнын 100 пайыз қайтару жүзеге асырылады.
2020 жылғы 9 қарашадан бастап Солтүстік Қазақстан облысында № 705/706 Алматы–Петропавл жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі азайтылып, транзиттік жолаушылар пойыздарының қозғалысы Солтүстік Қазақстан облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды отырғызусыз/түсірмей жүргізілуде.
Павлодар–Алматы бағытындғы №31/32 жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі де қысқартылып, жолаушылар пойыздарының қозғалысы Павлодар, Екібастұз, Ақсу-2 және Бозшакөл станцияларын қоспағанда, Павлодар облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды отырғызусыз/түсірмей жүзеге асырылып келеді. №55/56 Қызылорда–Көкшетау жолаушылар пойызының жүру мерзімділігі де азайтылды.
Ал Қостанай-Алматы бағытыдағы №43/44, Қостанай-Қарағанды бағытындағы №327/328 жолаушылар пойыздарының жүру мерзімділігі аптасына 7 реттен 3 ретке дейін қысқартылды. Жолаушылар пойыздарының қозғалысы Қостанай, Тобыл, Құсмұрын, Есіл, Арқалық және Железорудная станцияларын қоспағанда, Қостанай облысының барлық станциялары арқылы жолаушыларды отырғызусыз/түсірмей жүзеге асырылуда. Теміржол вокзалдарына күтіп алушыларды/шығарып салушыларды жіберуге тыйым салынады. Билет болған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
Автомобиль көлігі саласы
Осы жылғы 17 наурыздан бастап елімізде 117 халықаралық және 284 облысаралық тұрақты автобус маршруттары тоқтатылды Ал 31 тамыздан бастап 1 156 облысішілік маршруттардың жұмысы жандандырылды. Эпидемиологиялық жағдайдың одан әрі нашарлауын болдырмау үшін қатысы бар ұйымдарға автобус тасымалдарын жүзеге асырған кезде автовокзалдарда санитариялық шараларды қатаң сақтау туралы тиісті қатынас құжаттар жолданды.
Ал жүктердің халықаралық автотасымалын жүзеге асыратын жүргізушілергі ПТР-тестінің нәтижелерімен бірге жүруі тиіс делінген талап енгізілді. Нақты айтқанда, еліміздің Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қалуысына сәйкес, Қазақстан аумағы арқылы транзиттік жүк тасымалдарын жүзеге асыратын жүргізушілер термометрия мен сауалнамадан өтеді. Халықаралық жүк тасымалдарын екіжақты қатынаста жүзеге асыратын жүргізушілер термометрия, сауалнама және COVID-19-ге ПТР тәсілімен зертханалық тексеріп қараудан өтуге міндетті еді. COVID-19-ге ПТР тәсілімен зертханалық тексеріп қарау үшін материалдарды алғаннан кейін, баратын жеріне дейін маршрут арқылы жолын жалғастырады. Аталған анықтамалар берілген кезден бастап 72 сағат жарамды.
Айта кетерлігі, коронавирус инфекцияның салдарынан зардап шеккен тасымалдаушыларды қолдау мақсатында 2020 жылдың соңыңа дейін экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспар қабылданды. Осы жоспар аясында хабарлама берілген сәттен бастап 48 сағаттан астам тоқтап тұрған жүктерді сақтау үшін 10 еселенген алым мөлшері 6 айға тоқтатылды. Коронавирустық инфекцияға орай тасымалдарды шектеуге байланысты қаржыландыру жоспарында көзделген шектердегі нақты шығыстарды негізге ала отырып, теміржол тасымалдаушылары субсидияланды. Сонымен қатар шет елдердің рұқсат беру бланкілерін берудің ақпараттық жүйелерімен ықпалдастыра отырып, тасымалдаушыларға рұқсат бланкілерін беру процесін автоматтандыру жүргізіліп жатыр.