Финляндия министрлер кабинетінің басшысы С.Марин Брюссельде басталған саммиттің бірінші күнінде делегация мүшесі, Финляндия Парламентінің депутаты Том Пакаленмен байланысқан. Ал Том Пакален тапсырған тестіден коронавирус инфекциясы расталған.
Осыған байланысты С. Марин өзін-өзі оқшаулау үшін ЕО іс-шарасынан екінші күні кетуге мәжбүр болған.
ЕО-ның ағымдағы саммитінде Финляндия атынан Швеция делегациясы қатысады.
Айта кетейік, С. Марин Брюссельде жұмысын тоқтатуға мәжбүр болған екінші - еуропалық лидер. Бейсенбі күні Еуропалық комиссияның басшысы Урсула Вон дер Ляйен өз аппаратында коронавирус анықталғанына байланысты уақытша өзін-өзі оқшаулайтынын мәлімдеген еді.