Франциялық БАҚ-тардың хабарлауынша, вакциналар Париж қаласына жақын орналасқан Hôpitaux de Paris орталық дәріханасына берілді. Францияда егу науқаны жексенбі күні басталмақ. Бұл елде коронавирустан 62 мың адам қайтыс болды. Препаратты алғашқы болып Севран және Дижонда орналасқан екі Қарттар үйінің тұрғындары алады.
Сондай-ақ 26 желтоқсан күні коронавирусқа қарсы вакцинаның алғашқы дозалары Нидерландыға жетті.