НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - UEFA вице-президенті Мишель Ува коронавирус дертіне байланысты 2020 жылғы Еуропа чемпионаты финалдық кезеңін өткізуден бас тарту немесе кейінге қалдыру жөнінде пікірін білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Чемпионат сайтына сілтеме жасап.
«Қазір біз жағдайды бақылап отырмыз. Футбол елдегі жағдайға байланысты реттелуі тиіс. Біз турнирді тоқтатпауға тырысамыз. Жағдай күрделі сипатқа ие болса, жарыс тоқтатылады», - деді Мишель Ува.
Естеріңізге сала кетелік, 2020 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі 11 мемлекеттің 12 стадионында өткізіледі. Турнирге 24 құрама қатысады. Жарыс 12 маусымда басталып, 12 шілдеде Англияның «Уэмбли» стадионында мәресіне жетеді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.