Саябақ коронавирустың Азия елдерінде кең таралуына байланысты қаңтар айының соңында жабылған еді. Гонконгта коронавирус инфекциясына шалдығу оқиғалары азайған соң саябақты 18 маусымда ашу жөнінде шешім қабылданған еді. Алайда сәрсенбі күні Диснейленд қайта жабылды.
«Үкімет және денсаулық сақтау органдарының талаптары, сондай-ақ Гонконгта өткізіліп отырған алдын алу шараларына сәйкес, Гонконгтағы Диснейленд саябағы ағымдағы жылдың 15 шілдесіне дейін уақытша жабылады», - делінген Disney мәлімдемесінде.
Еске сала кетсек, Гонконг қаласындағы Диснейленд – Диснейдің мамыр айында ашылған екінші саябағы. Келушілерге есігін алғашқы болып ашқан Диснейленд Шанхай қаласында орналасқан.