НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтыру оқиғасы тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазақстанда коронавирус инфекциясын екінші рет жұқтырған бірде-бір науқас тіркелген жоқ. Ондай ақпарат бізге келіп түспеді», - деді Б. Қожахметов Орталық коммуникациялар қызметінде.
Оның айтуынша, Қазақстанда 2 млн 600 мың ПТР тестілеу жүргізілген. Оның әр 26-шысы коронавирус инфекциясы бар деген нәтиже көрсеткен.
Қазіргі уақытта Республика бойынша күніне 40 мың тестілеу жасау мүмкіндігі бар. Жыл соңына дейін оның саны 64 мыңға дейін көбейеді.
Айжан Серікжанқызы
Айжан Серікжанқызы Қасым Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Журналистика және саясаттану факультетінің түлегі. Мамандық бойынша РФ Татарстанның Қазан қаласында, Польшаның Вроцлав қаласында тағылымдамадан өткен. 2017 жылдан бері ҚазАқпарат агенттігінде жұмыс істейді.