Коронавирус инфекциясы өткен тәулікте 5 адамнан анықталды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда ПТР тестінің оң нәтижесімен 5 адам тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өткен тәулікте коронавирус инфекциясын жұқтырған 5 жағдай тіркелді. Оның біреуі Нұр-Сұлтан, төртеуі Алматы қаласында.

ВАК мәліметі бойынша елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 548 адамға жетті.

Сондай-ақ, Қазақстанда 11 науқас коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Атап айтқанда, Нұр-Сұлтанда - 5, Алматы облысында - 2, Шығыс Қазақстан облысында - 1, Жамбыл облысында – 2, Қарағанды облысында - 1 адам. Сонымен, елімізде барлығы 1 291 089 адам COVID-19-дан сауықты.