– Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы дегеніміз не?
– Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы (ӨСОА) тыныс алу ағзаларының ең кең таралған созылмалы ауруы және әлемдегі өлімге себеп болатын аурулардың арасында үшінші орында. ӨСОА темекі шегу, адамның жасы, ауаның, оның ішінде жұмыс орнының ластануы, бала жасында ауырған респираторлық инфекциялар секілді факторлардың әсерінен туындайды. Бұл ретте тәуекелдің негізгі факторы – темекі шегу. Белгілері - жөтел және ентігу.
Ауру өршуінің негізгі себептері вирустық және бактериялдық инфекциялар. Осы уақытта пациент жөтел мен демікпенің арта түскендігін, бөлініп шығатын қақырық түрінің өзгергендігін байқайды. Дәрігерге кешіктіріп қаралған жағдайда аурудың асқынуының дамуы, тыныс алу жетіспеушілігінің өршу қаупі дамиды.
Мысалы, құрсақтағы бала дамуының бұзылуы, шала туу, сондай-ақ балалық және жасөспірімдік кезеңде пайда болатын жиі немесе ауыр респираторлық инфекциялар өкпенің толық дамуына жол бермейді.
– Пульмонология бөлімшесі туралы айтып беріңізші?
– Біздің Алматы қаласындағы №1 қалалық клиникалық аурухананың пульмонология бөлімінде дәрігерлердің штаты көп. Резидентер практикалық тәжірибе жинау үшін қабылданады. Жақында кеуде қуысының заманауи КТ аппараты сатып алынды, жұмыс істеп тұр. Аураханада барлық заманауи диагностикалық әдістер жүргізіледі. Бөлімше 40 төсекке есептелген, бірақ болашақта бөлімнің кеңейтілгенін қалаймын. Өйткені біз қаладағы жалғыз мамандандырылған пульмонология бөлімшеміз. Болашақта біздің аурухананың базасында пульмонологиялық орталық ашылса жақсы болар еді.
– Коронавирус инфекциясымен ауырған адамдардың қайсысына оңалту шаралары қажет, өкпе жұмысын қалпына қалай келтіруге болады?
– Коронавируспен ауырған адамдардың 20% -ы ұзақ уақытқа дейін зардап шегеді. Бұл 12 аптадан 36 айға дейін созылуы мүмкін. Ұзақ мерзімді белгілерге мыналар жатады: әлсіздік, ентігу, кеуде тұсының ауруы, бас ауруы, неврологиялық, буын ауруы, иістің, дәмнің бұзылуы, шаш пен тісте түсіп қалуы мүмкін. Сондай-ақ қан қысымының күрт жоғарлауы, есте сақтау қабілетінің төмендеуі, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы және тағы басқалары.
Оңалту шараларының дер кезінде басталуы тыныс алу ағзаларының қызметі мен құрылымын қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Алайда егер өкпеде фиброзды тін жиналып қалған болса, онда пациентке оксигенотерапия жасау қажет, өйткені бұл терапия ағзаның оттегімен қанығу процесін өтеуге көмектеседі.
Коронавирус инфекциясымен ауырып шыққан науқастар терең тыныс алу кезінде қиындықты сезінеді, сондықтан дәрігерлер тыныс алу гимнастикаларының ең қарапайым әдістерін жасауға кеңес береді.
Салауатты өмір салтын ұстану керек. Темекі шегуге болмайды. Спортпен айналысыңыз немесе жаттығу терапиясын жасаңыз. Сырқат салдарынан өмір аздап өзгерді, алайда денсаулықты қалпына келтіруге болады.
– Әңгімеңізге рақмет!