«Соңғы деректерді, ауру жұқтырғандар мен қайтыс болғандар санының өсуін ескере отырып, біз Ломбардия мен басқа да аймақтарға қатысты шараларды елдің барлық аумағында қолға алу туралы шешім қабылдадық», - деді Конте Facebook -те трансляцияланған баспасөз мәслихатында.
Ол белгілі себептер болған кезде ғана елде қозғалысқа рұқсат етілетіндігін түсіндірді, олардың арасында жұмыс немесе отбасы жағдайлары, сондай-ақ денсаулыққа байланысты қажеттіліктер бар. Жаңа нормалар 10 наурыздан бастап күшіне енеді.
Бұдан бөлек, Конте 3 сәуірге дейін елдегі барлық оқу орнын жабылатындығын мәлім етті.
Бұған дейін барлық көңіл көтеру орны, спорт клубы, сұлулық салоны, сондай-ақ тау шаңғысы курортын жабу туралы жарияланған болатын. Бүкіл Италия бойынша мәдени мекемелер жабық.
Соңғы деректер бойынша, Италияда инфекция жұқтырғандардың жалпы саны 9 мың адамнан асты. 700-ден астам адам емделіп шықты. 463 адам вирустан көз жұмған.