Сонымен қатар, мектеп қызметкерлері арасында КВИ-дің 47 жағдайы тіркелді. Облыс көлемінде 50 мектеп карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның Telegram каналына сілтеме жасап.
Оқушылар арасында тіркелген жағдайдың 394-і оффлайн режимде оқыған балалар арасында, 122-сі қашықтан оқыған балалр арасында болған.
«Оффлайн» режимінде оқып індетті жұқтырған оқушылардың 67,3% 1-5 сынып оқушылары арасында тіркелген. Жоғарыда айтылғандарға байланысты, оқушылар арасында коронавирус инфекциясының таралуын азайту мақсатында Қарағанды, Балқаш, Жезқазған, Теміртау, Саран, Шахтинск және Абай қалаларында 1-5 сынып оқушыларын қашықтан оқытуға ауыстыру туралы шешім қабылданды»,-делінген хабарламада.